Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Өзбекстанға 300 мың тонна мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізіп береді.
«Құны 150 миллион долларды құрайтын келісім аясында мұнай жеткізу көлемін жылына 3 миллион тоннаға дейін жеткізу жұмыстары жүргізілмек. Осыған байланысты құжатқа «Өзбекмұнайгаз» төрағасы Мехриддин Абдуллаев пен «ҚазМұнайГаз» төрағасы Мағзұм Мирзағалиев қол қойды», делінген министрлік хабарында.
Сондай-ақ, 2023 жылы Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға 300 мың тонна ресейлік мұнай тасымалданады, бұл тұрғыда 9 миллион долларға келісім жасалған.
Өзбекстан Энергетика министрлігі Қазақстандық серіктестермен жасаған келісімдер қатары:
- Қазақстандық «QazaqGaz» компаниясымен Өзбекстан Республикасы және Қазақстан Республикасының аумақтарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жобаларды іске асыру бойынша өзара Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік геологиялық және минералдық ресурстар комитетімен бірге түсіністік туралы меморандум жасалған. Меморандум аясында 2023 жылдың 1 мамырына дейін бірлескен жұмыс топтары нақты ұсыныстар дайындайды.
- Қазақстан Республикасында қуаттылығы 2000 МВт-қа дейінгі заманауи көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС салу және өндірілген электр энергиясын Өзбекстан тұтынушыларына жеткізу жобасын іске асыру туралы келісім. 2023 жылы жобаның техникалық-экономикалық негізі әзірленеді.
Сондай-ақ, химия өнеркәсібінде фосфатты және кешенді минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша «Қазфосфат» компаниясы мен «Узкимёсаноат» АҚ арасында құны 1,3 миллиард доллар болатын ауқымды жоба іске қосылды, делінген ведомство хабарында.