English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан 2021 жылы Қазақстаннан 1 млн тонна цемент импорттады
12:11 / 2022-02-02

2021 жылы Өзбекстан 2,7 миллион тонна цемент импорттады. Соның 1 млн тоннасы Қазақстаннан әкелінген.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылы Өзбекстан 128,3 миллион долларға 2,7 миллион тонна цемент импорттады. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 206 мың тоннаға артық.

Өзбекстан шетелден цемент импорттаған елдер қатарында көрші Қазақстан елі көш бастап тұр – 1,1 млн тонна. Кейінгі орындарда Тәжікстан (816 мың тонна), Қырғызстан (671 мың тонна), Иран (58,1 мың тонна), Түркіменстан (36,3 мың тонна), Ресей (502 тонна) елдері бар.