French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбександық фермерлер сары қарбыздың 1 келісін Ресейге 55 центтен экспорттауда
16:16 / 2020-07-09

Фермердің айтуынша жақын күндері жергілікті нарыққа да осы қарбыздарды 1 келісі 3,5-4,5 мың сумнан шығару көзделген


Өзбекстанның Қашқадария облысындағы диқандар жаңа түрдегі «S1» Нидерланды сортты сары қарбызды Ресейге 55 центтен экспорттауда.

Өзбекстан экспорттаушылар қауымдастығы мәліметінше жаңа түрдегі сары түсті қарбыз әдеттегі қызыл қарбыздан тек сыртқы келбетімен ғана емес, дәмімен де ерекшеленеді. Шіресі аз, дәмі цитрус жемістеріне ұқсас көбіне анасқа жақын. Тағы бір өзгешелігі қарапайым қарбыз 90 күнде пісіп жетілсе бұл 65 күнде дайын болады екен. Қазірде «S1» Нидерланды сортты қарбыздың 4 тоннасы Ресей нарығына шығарылған болып, онда әр келісі 55 центтен сатылуда. Өнімнің келесі партиясы Латвия еліне экспорттауға дайындалуда.

Фермердің айтуынша жақын күндері жергілікті нарыққа да осы қарбыздарды 1 келісі 3,5-4,5 мың сумнан шығару көзделген.