Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Өзбеккино» Ұлттық агенттігі атауы, Кинематография агенттігі болып өзгертілді
11:10 / 2021-04-08

Өзбекстанның кинематографиясы қара шаңырағы болған «Өзбеккино» Ұлттық агенттігі атауы, Президент Жарлығы бойынша Кинематография агенттігі болып өзгертілді.

Агенттіктің жаңа атауы ұйымның алдында тұрған негізгі міндеттерге баса назар аударып, бұл кино өнерін одан әрі дамыту үшін ғана емес, сонымен бірге экономиканың бір саласы ретінде елдің қуатты киноиндустриясын құруға ықпал ететіні айтылған. 

Ұлттық кинематографияны дамытудың басым бағыттары ретінде мыналар көрсетілген:

  • кинематографияны қоғамның рухани, мәдени-мәнді өміріндегі, оның ішінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі стратегиялық қайнар көзі ретінде қалыптастыру;
  • нарықтық принциптер негізінде киноиндустрияға мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларды елге тарту және бірлескен кино өндірісін дамыту;
  • киноиндустрияны экономиканың жеке саласы ретінде дамыту, заманауи және жоғары технологиялық материалдық-техникалық базасы бар инфрақұрылым құру;
  • кинематография саласында кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құру, режиссерлер мен техниктердің біліктілігін арттыру;
  • ұлттық сериялдар өндірісін мемлекет тарапынан ынталандыру, анимациялық фильмдер шығаруға жас мультипликаторлар мен аниматорларды тарту; 
  • саладағы авторлық құқықты қорғауды қамтамасыз ету, кинопрокат жүйесін дамыту және ұлттық фильмдерді әлемдік кино нарыққа шығару көзделген.

Агенттіктің, киноиндустрия мен сала өкілдерінің келесі бастамалары қолдау тауып онда, 2021 жылдан бастап «Жібек жолының інжу-маржаны» Ташкент халықаралық кинофестивалін қайта құру және оны тұрақты түрде өткізіп отыру айтылған.

Ұлттық кинематография саласында нәтижелі еңбек еткен мамандарды ынталандыру мақсатында «Кинематографияның жанашыры» (Кинематография фидокори) төсбелгісін тағайындау енгізілген болып, «Алтын Хумо» ұлттық киносыйлығын жыл сайынғы дәстүрлі түррде өткізу қарастырылған.