Өзбекистан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Худжаев пен Азия даму банкінің Президенті Масато Канда арасындағы кездесуде 30 жылдық өзара тиімді қарым-қатынастар мен ынтымақтастық нәтижелері атап өтіліп, алдағы жоспарлар талқыланды.
Кездесуде атап өтілгендей, әріптестік транспорт, энергетика, сумен қамту, білім беру және жеке секторды қолдау сияқты басым бағыттарда жүйелі түрде дамуда. Өзбекстан тарапы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалардағы қолдауы үшін АДБ-ға алғыс білдірді.
Сұхбат барысында 2026 жылдың мамыр айында Самарқандта өтетін АДБ Басқарушылар кеңесінің 59-шы жылдық жиынына дайындық мәселесі де көтерілді. Осы үдерісті үйлестіру мақсатында ортақ жол картасын бекіту ұсынылды.

Сонымен қатар, қаржыландыру механизмін жетілдіру, экономикалық аймақтар инфрақұрылымын дамыту, әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтуды қолдау, экспортқа бағытталған кәсіпорындарды ынталандыру сияқты орта мерзімді бастамалар қаралды.
Тараптар 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша да пікір алмасты.
Кездесу соңында мектептерде STEM жүйесіне негізделген білім беруді жаңғыртуға бағытталған «Орта білімде STEM» жобасы үшін 100 миллион долларлық несие жөнінде келісіміге қол қойылды.