Өзбек және қытай археологтары Сұрхандария облысынан 4000 жыл бұрынғы көне бейітті тапты.
Мәдени мұра агенттігіне қарасты Яхё Ғұломов атындағы Самарқанд археологиялық институты мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс университеті арасында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Келісімге сәйкес биылғы жылдың 16 сәуірінен бастап екі елдің археологтары Сұрхандария облысының «Узун» ауданында орналасқан «Чинортепа» ескерткішінде қазба жұмыстарын бастады.

Экспедиция барысында ғалымдар 4000 жылдық қабірлер мен 2000 жылдық қала қирандыларын тапты. Археологтардың пікірінше, табылғандар қаңлы, кушан және юечжи (массагет) дәуіріне, яғни б.з.б II ғасырдан б.з. III ғасырға жатады. Қазіргі уақытта Өзбекстан-Қытай бірлескен экспедициясы осы бағытта ғылыми зерттеулерді жалғастыруда.

Айта кетейік, Сұрхандариядағы қазаба жұмыстары жүргізіліп жатқан осы ескерткіш 2019 жылы Өзбекстан мен Қытайдың бірлескен археологиялық экспедициясы тарапынан табылған еді.