English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбек және қазақ кинорежиссерлері бірлесіп «Көршілер» атты картина түсірмек
10:27 / 2021-07-06

Өзбекстандық және Қазақстандық кинорежиссерлер бірлесіп «Көршілер» атты комедиялық жанрда фильм түсіретін болды.

Кинематография агенттігінің баспасөз қызметі, Қазақстандық кинорежиссерлер Ақан Сатаев пен Азимжан Саидбаев Кинематография агенттігі басшылығымен онлайн режимінде кездесу өткізді, деп хабарлайды.

Кездесуде тараптар «Жібек жолының інжу-маржаны» Ташкент халықаралық кинофестивалін өткізу, Өзбекстан киносы күндерін Қазақстанда өткізу, сондай-ақ «Көршілер» фильмін бірлесіп түсіру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Атаулы «Көршілер» фильмі - бұл өзбек пен қазақ көршілерінің қарым-қатынасы және аула арасындағы қабырға бұзылғаннан кейін табылған алтынға қатысты оқиғалар туралы комедиялық картина.

Фильм Өзбекстанның халық ақыны Эркин Вахидовтың «Алтын қабырға» шығармасы негізінде түсіру жоспарланған. Қазірде осы картинаның сценарийін жазу бойынша қазақстандық актер, блогер және сценарист Азамжан Саидбаев жұмыс бастады. Жаңа бірлескен фильм Халықаралық «Жібек Жолы інжу-маржаны» Ташкент кинофестивалінде үлкен экарнға шығады деп жоспарланған.