English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбек тілді медиа тағы бір ғылыми журналмен толықты
19:41 / 2024-06-11

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту аясында бірлескен жобалар протфелі жыл сайын артып келеді. Бүгінде екі ел өзара бірқатар мәселелер бойынша бірін-бірі толықтырып отыр.

Соның бірі ғылым-білім бағытындағы жобалар десек қателеспейміз. Жуырда Ташкент қаласында «Al-Jabrning Otasi» атты математикаға негізделген технология жетістіктерін насихаттайтын мектеп оқушылары, мұғалім және жалпы ғылыми қауымға арналған өзбекше журналдың тұсаукесері өтті.

Атаулы журнал қазақстандық Qalan компаниясының қолдауымен «Әл-Жабрдің атасы» атауда өткен жылдан бері Қазақстанда жарық көріп, міне енді осы ғылыми-танымдық журнал өзбек тілінде өзбекстандық оқырманға жол тартты.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы білім бағытындағы ынтымақтастықты нығайту жолында жарық көрген журналдың тұсаукесері екі елдің Ұлттық ғылым академиялары қолдауымен өтіп, оған ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев (журналдың бас редакторы) және ӨР Ұлттық ғылым академиясы жанындағы математика институты директоры Шавкат Аюпов пен басқада көрнекті ғалымдар мен педагогтар қатысты.

Тұсаукесерде сөз сөйлеген ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев атаулы журналдың алгебраның атасы Әл-Хорезмидің туған өлкесінде жарық көруі Ұлы ұстазға деген құрмет әрі болашақ ұрпақ алдында парыз екенін айтты.

«Бұл журналды шығаруға демеуші болған — менің студенттерім. Кезінде олар менен математика бойынша бірнеше кеңес сұраған еді. Сол кезде білер ақылымды айтқанмын, сол нәтижелі болса керек, қазір ол студенттерім үлкен жетісікке жетіп жатыр. Менің байқауымша, қазақ және өзбек жастарының арасында көп ұқсастық бар. Атап айтқанда, оқу, білім, ғылым жүейсінде және мінез-құлықта айырмашылық көп емес. Соның нәтижесінде болса керек, „Әл-Жәбрдің атасы“ журналына қызығушылық өте жоғары», — деді Асқар Жұмаділдаев.

Осылайша Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолында тағы бір маңызды қадам жасалды. 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан, Өзбекстан және Ресей нарықтарында жұмыс істейтін Qalan компаниясы математиканы оқытуға арналған халықаралық платформа саналады. Қазірде компания қазақ, өзбек және орыс тілдерінде оқушыларға онлайн білім береді. Платформаға үш елден 600 мыңнан астам қолданушы қосылған.