Өзбек режиссері «Махтумқұлы Пырағы» медалімен марапатталды
Ашхабад қаласында «Махтумқұлы Пырағы» тарихи көркем фильмі үшін осы көркем картинаның бас режиссері Музаффархон Эркинов пен басты рөлді сомдаушы Ахмед Амантурдиевке Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың шешімімен бекітілген «Махтумқұлы Пырағы» медалі табысталды.
Бұл көркем фильм әйгілі ақын Махтумқұлы Пырағының өмірі мен шығармашылығы жайында баяндайды.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен Өзбекстанда Махтумқұлы Пырағының 300 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Ақын шығармашылығына арналған әдеби жиындар, кештер, көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Жаңа сахналық және экрандық туындылар жасалды. Ақынның ғазалдарына жазылған әндер халықтың жүрегінде орын алып, ең үздік және жүрекке жақын музыкалық туындылар ретінде бағаланды.


Айта кетейік, жақын күндері «Махтумқұлы Пырағы» тарихи фильмінің тұсаукесері Өзбекстан Ұлттық кино өнері сарайында өткізілуі жоспарланған.