English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбек-қытай вакцинасының күшейтілген дозасы омикроннан 100 пайыз дерлік қорғайды
10:15 / 2022-01-10

Өзбекстан және Қытай ғалымдарының бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасының күшейтілген дозасы коронавирустың омикрон штамынан 100 пайыз дерлік қорғайтыны белгілі болды.

Инновациялық даму министрлігі жанындағы Озық технологиялар орталығының директоры Шахло Турдиқулова ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасының күшейтілген дозасы омикроннан 100 пайызға дерлік қорғауды қамтамасыз ететінін айтты.

«Озық технологиялар орталығының басшысы ретінде ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының сынақтарында және вирустық мутацияларды зерттеуге белсене қатысу кезінде, еліміздегі әмбебап өзбек-қытай вакцинасы бойынша зерттеулер жаңа штамм бойынша жақсы нәтижелер көрсетті деп айта аламын. Вакцинаның күшейткішті бустер дозасы «омикрон» шатмынан 100 пайыз дерлік қорғанысты қамтамасыз етеді. Мұны қытайлық әріптестеріміз де растады», деген ол.

Республикалық арнайы комиссия отырысында халықты ZF-UZ-VAC2001 күшейтілген дозаларымен вакцинациялауды жеделдету мәселесі де талқыланған.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 7 қаңтарында Өзбекстанға Дубайдан келген шетелдік азаматта омикрон штамы анықталған болатын.