Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбек-қытай вакцинасының 500 мың дозадан тұратын кезекті партиясы Ташкентке жеткізілді
14:57 / 2021-05-19

19 мамырда Қытайдан Ташкентке ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 500 мың дозадан тұратын тағы бір партиясы жеткізілді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

17 мамырда осы вакцинаның 1 миллион дозасы Өзбекстанға жеткізілген еді. Соның негізінде вакцинация процедураларында қолданылатын ZF-UZ-VAC2001 мөлшері 3 миллион дозаға жеткен болатын.

ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы Өзбекстанда 3-кезеңдік клиникалық сынақтардан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған препарат. Ол азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады.

Атаулы вакцинаның алғашқы партиясы Ташкентке 27 наурызда әкеллінген. Зерттеулерге сай, өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған атаулы вакцина коронавирустың «британдық» және «бразилиялық» штаммдарына қарсы тиімді екендігі дәлелденген. Ал, «Оңтүстік Африка» штамына қарсы белсенді бейтарап күйін сақтаған.