Өзбек-Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы коронавирустың «британдық» және «бразилиялық» штаммдарына қарсы тиімді екендігі дәлелденді.
Vaksinauz ақпарат арнасының мәліметінше, ZF-UZ-VAS2001 вакцинасының III кезеңдік клиникалық сынақтары барысында бақылау тобына енгізілген 150 еріктінің 90 пайызында екінші дозадан кейін қанда 4,55 Au/ml -ден жоғары антиденелердің деңгейі анықталды. Бұл коронавирусты залалсыздандыру үшін жеткілікті. Вакцина коронавирустың жаңа «британдық» және «бразилиялық» штамдарына қарсы тиімді екендігі дәлелденді, делінген хабарда.
Өзбекстандағы клиникалық зерттеулер GSR (Good Clinical Practice) ережелеріне сәйкес халықаралық клиникалық практикада қолданылатын заңдық және этикалық стандарттарға сәйкес жүргізілген.
Зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижелері вакцинаның тиімділігі жоғары және антиденелердің көп мөлшерін шығарғанын көрсеткен болып, 2021 жылдың ақпанында алынған зертханалық сынамалардың нәтижесінде вакцина коронавирустың «Оңтүстік Африка» штамына қарсы белсенді бейтарап күйін сақтаған.