Өзбек-қырғыз өнерпаздарының орындауындағы концерттік бағдарламадан фоторепортаж
Ташкентте Қырғызстанның мәдениет күндерінің басталуына арналған концерт өтті. Оған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жұбайларымен бірге қатысты.
Екі елдің өнер шеберлерінің осынау концерті тарихи тамыры терең, діні, құндылықтары мен дәстүрлері біртұтас өзбек пен қырғыз халықтарының көп ғасырлық достығының көрінісі болды.
[gallery-18325]
Халықтарымыздың мәдениетінің байлығы, өзіндік ерекшелігі және сонымен бірге ортақтығы дарынды өнерпаздардың орындауындағы ән-күйлерден көрініс тапты.
суреттерді түсірген Н.ХАЙДАРОВ, ӨзА