Өзбекстан ғалымдары алғаш рет қызанақ өсімдігінен тікелей тұтынуға болатын генетикалық векторлар мен қызанақ өсімдігіне негізделген коронавирус инфекциясына қарсы жаңа буын COVID-19 вакцинасын жасады.
Ғалымдар коронавирустың S1 антиген ақуызын кодтайтын ген фрагментін арнайы векторларға енгізіп, оны қызанақ жасушасының геномына енгізді. Бұл жасушалардан S1 антиген белогын үнемі өндіретін қызанақ өсімдігі алынды. Мұндай өсімдіктерден алынған қызанақ жемісінде 0,77 мкг/гр мөлшерде S1 антиген белок синтезі бар екендігі көрсетілді және «TOMAVAC» вакцинасы ретінде таңдалды.
«TOMAVAC» вакцинасының сынағы тышқандар мен ерікті азаматтардың қан сарысуында (IgG) және ішекте жоғары деңгейде бейтараптандыратын антиденелер (IgA) шығарғуын дәлелдеді.
Сына барысында тышқандар мен еріктілерде жағымсыз жанама әсерлер байқалмаған.
Бұл зерттеу «TOMAVAC» екі кезеңдік (ішек шырышты қабаты және қанда) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін вакцина екенін көрсетті және ғылыми қауымдастыққа бірінші тікелей тұтынуға арналған COVID-19 вакцинасы ретінде ұсынылды.
Маңыздысы, мұндағы векторлық жүйе мен тәжірибе негізінде, қажет болған жағдайда, қысқа мерзімде республикада әртүрлі инфекцияларға қарсы вакциналарды жасап, енгізу мүмкіндігі және мамандардың жаңа буыны қалыптасты.
Вакцина бойынша зерттеулер беделді халықаралық «Frontiers in Nutritional Immunology» журналында жарияланып, тышқандар мен ерікті адамдарда жүргізілген бірінші кезеңдегі иммуногендік және биоқауіпсіздік сынақтарының нәтижелері жарияланды.