Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Зах-Келес су шаруашылығы басқармасының құрылғанына 100 жыл толды
23:30 / 2024-10-09

Биыл Зах-Келес су шаруашылығы басқармасының құрылғанына 100 жыл толып отыр.Осыған орай Шымкентте арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Алқалы жиынға Қазақстан мен Өзбекстан елінің су шаруашылығы мамандары мен ардагерлер қатысты.

Биыл Зах-Келес су шаруашылығы басқармасының құрылғанына 100 жыл толып отыр.Осыған орай Шымкентте арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Алқалы жиынға Қазақстан мен Өзбекстан елінің су шаруашылығы мамандары мен ардагерлер қатысты. 

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу комитеті төрағасының м.а. Гүльмира Имашева жаңа мекеменің бір жылда атқарған жұмысына тоқталып,екі ел арасындағы достық пен бауырмалдық байланыс мәңгі екенін жеткізді.

Жиынға Өзбекстаннан арнайы келген «Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің басшысы Одил Холхужаев құттықтау сөз сөйледі. Одил Ахмедович өз баяндамасында «Сырдария» өзені алабындағы Орталық Азия елдері арасындағы су ресурстарын бөлу жөніндегі ынтымақтастық аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісім жасалып жатыр. Соның негізінде биылғы суару маусымында Қазақстанға Өзбекстан 1 миллиард текше метр жуық су жіберді. «Зах», «Ханым», «Үлкен Келес» және «Достық» каналдары арқылы су тұрақты беріліп тұрды. Соның нәтижесінде сыр бойындағы шаруалар биыл ағын судан тапшылық көрген жоқ. 

Зах-Келес су шаруашылығы басқармасының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткен алқалы жиында трансшекаралық су обьектілерін бірлесіп басқару мен пайдалану жақтары айтылды.Бар ғұмырын су шаруашлығына арнаған Нариман Қыпшақбайұлы Зах-Келес су шаруашылығы басқармасының құрылуы мен оның тарихын айтып берді. Байырғы су мұрап жалпы Орталық Азия елдері су үнемдеу мақсатында ұстанып отырған бағыттың дұрыс екенін жеткізді. 

Жиында аға буын өкілдеріне құрмет ретінде бірқатар алғыс хаттар берілді. Зах-Келес су шаруашылығы басқармасының құрылғанына 100 жыл толуы мен Өгем-Келес шағын бассейндік кеңесінің отырысы USAID Аймақтық су және қоршаған орта жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.