English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Зарафшанда Өзбекстандағы алғашқы жел турбинасы орнатылды
11:39 / 2023-06-14

2023 жыл 13 маусымда Өзбекстан Республикасындағы алғашқы жел қондырғысының Зарафшан қаласында орнатылуын мерекелеу шарасы өтті.

Ашылу салтанатында Науаи облысы әкімінің орынбасары – инвестиция, өнеркәсіп және сауда басқармасының басшысы И. Норимов, Зарафшан қаласының әкімі Н. Рахмонов, Тамды ауданының әкімі Қ. Алдабергенов, «Shamol Zarafshan Energy» (Masdar) компаниясы, Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері және басқа да ресми ұйымдардың басшылары қатысты.

Жел турбинасының қуаты 4,7 МВт, биіктігі 97 метр, қалақтарының ұзындығы 77 метрді құрайды.

Айта кету керек, бұл ірі жоба аясында жалпы 111 жел қондырғысы орнатылады. Қуаты 500 МВт болатын жоба 500 мың үй шаруашылығына жететін электр қуатын өндіріп жылына 1,1 миллион тонна көмірқышқыл газының атмосфераға шығарылуын азайтады. 

Атаулы электр станциясының алғашқы қуаты биылғы жылдың соңында іске қосылады және ол Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы болады деп күтілуде.