Замбияның бұрынғы президенті қайтыс болды
Замбияның бұрынғы президенті, 2021 жылы қызметінен кеткен Эдгар Лунгу Оңтүстік Африкада 68 жасында дүниеден өтті.
Марқұм мемлекет басшысы ел тізгінін шамамен жеті жыл бойы ұстаған болатын.
«Соңғы апталарда әкем дәрігерлердің бақылауында болды», – деді оның қызы Тасила Лунгу-Мванса әлеуметтік желіде жариялаған видеосында (AFP агенттігі келтірген мәлімет).
Эдгар Лунгу билікке 2015 жылы келген. Бұған дейін ол Әділет, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерін басқарған. Ол 2021 жылға дейін президент қызметін атқарды.
2021 жылғы сайлауда оппозиция жетекшісі Хакаинде Хичилема жеңіске жетіп, оның орнына келген болатын.