Заһираддин Мұхаммед Бабырдың туғанына 540 жыл толды
Өзбекстан Жазушылар одағы, Ұлттық гвардия және Республикалық руханият және ағарту орталығымен бірлесіп, белгілі ақын, ұлы қолбасшы Заһираддин Мұхаммед Бабырдың туғанына 540 жыл толуына орай Ташкент қаласында салтанатты шара өтті.
Әдебиетшілер саябағындағы ақын мүсіні қасында өткен шарада Мемлекет басшысының 2023 жылғы 25 қаңтардағы «Ұлы ақын, белгілі мемлекет қайраткері Заһираддин Мұхаммед Бабырдың туғанына 540 жыл толуын кеңінен атап өту туралы» қаулысының маңыздылығына назар аударылды.
Айтулы шарада Қоғамдық қауіпсіздік университетінің «Алвон Беретлар» ансамблінің орындауында Бабыр ғазалына жазылған әндер шырқалды. Жазушылар одағы мүшелері, Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті мен Ішкі істер академиясының студенттері ақын шығармашылығынан өлең оқыды.
[gallery-10564]
Насиржан Хайдаров(сурет)
ӨзА