Өзбекстанда БАҚ саласындағы жоғары марапат саналатын «Алтын қалам» ХVI ұлттық жүлдесі өз иелеріне табысталды.
Ташкент қаласындағы «Түркістан» сарайында 4 мамыр күні халықаралық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Өзбекстан Журналистер шығармашылық одағы өткізген салтанатты кеште Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігінің журналисі үздіктер қатарынан орын алды.
Онда, Журналистика саласындағы бас жүлде – «Өзбекстан тарихы» телеарнасының бас редакторы Шухрат Хайитов.
Телевидение бойынша үздік журналистік зерттеу – 1-орын, – «Маданият ва маърифат» телеарнасының аға редакторы Юлдуз Файзи
Радио бойынша үздік журналистік зерттеу – 1-орын, Науаи облыстық радиоарнаның аға редакторы – Фароғат Барноева
Баспасөз бойынша үздік журналистік зерттеу – 1-орын, «Халық сөзі» газетінің бас редакторы – Уткир Рахматов
Интернет журналистика бойынша үздік мақала – 1-орын, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің журналисті – Норгул Абдураимоваға табысталды.
Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің журналисті – Норгул Абдураимова
Телевидение, радио, интернет-журналистика және баспа БАҚ саласындағы үздік журналистік материал номинацияларының жеңімпаздары келесі мөлшерде ақшалай сыйлықтармен марапатталады:
- 1-орынға: 43 миллион 200 мың сум
- 2-орынға: 37 миллион 800 мың сум
- 3-орынға: 32 миллион 400 мың сум
[gallery-6945]
Еске сала кетсек, биыл «Шекарасыз репортерлар» ұйымының 2022 жылғы сөз бостандығы индексі бойынша Өзбекстан позициясын 24 позицияға жақсартып, 157-ші орыннан 133-ші орынға көтерілді.