Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА ақпараттық агенттігі сырдариялықтарға көмек көрсетті
18:18 / 2020-05-04

Жалпы соммасы 100 миллион сумды құрайтын жәрдем жүгі апаттан қиындық көрген жандарға жіберілді


1 мамыр күнгі Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасында орын алған апатқа байланысты республикадағы барлық облыстар мен ел аумағындағы түрлі ұйым, кәсіптік фирмалар мен жеке тұлғалар және министрліктерден тарта бірқанша елшіліктер сондағы жәбір көрген халыққа қол ұшын беріп көмек көрсетуде.

Бүгін атаулы аймаққа тағы бір көмек керуені жолға шықты. Бұл жолы Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі ұйымдастырған көмек акциясы аясында азаматардан түскен қаржы мен агенттік тарапынан бөлінген жалпы соммасы 100 миллион сумды құрайтын жәрдем жүгі жіберілді.

Атап айтқанда, Жыззақ облысының Гагарин қаласына 40 миллион сумдық, Мырзашөл мен Сейхунабат аудандарына жалпы мөлшері 60 миллион сумды құрайтын азық-түлік өнімдері мен қажетті заттар артылған жүк керуені жолға шыққан.

ӨзА ақпараттық агенттігі ұйымдастырған акция аясында жалпы 21,5 миллион сум және 2000 АҚШ доллары жиналып, бұл қаржыға қажетті дәрі-дәрмектер мен ауыз ашарға арналған түрлі тәттілер және жемістер сатып алуға жұмсалды. 

photo_2020-05-04_16-50-17.jpg

photo_2020-05-04_16-50-22.jpg

photo_2020-05-04_16-50-32.jpg

photo_2020-05-04_16-50-35.jpg

photo_2020-05-04_16-50-51.jpg

photo_2020-05-04_16-51-02.jpg