English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Заң шығару палатасының Спикері бірқатар елдердің парламент өкілдерімен кездесу өткізді
15:16 / 2025-04-08

Ташкент қаласында өтіп жатқан Парламентаралық одақтың 150-жылдығына арналған Ассамблея аясында Өзбекстан Олий Мажлисінің Заң шығару палатасының Спикері Нуриддин Исмоилов бірқатар елдердің парламент өкілдерімен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, заң шығару саласында тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, Алжир Халықтық Ұлттық Ассамблеясының Спикері Брахим Бугали мырзамен өткен кездесуде соңғы жылдары екіжақты қарым-қатынастар нақты және мазмұнды сипатқа ие бола түскені, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуда қос елдің парламенттерінің маңызды рөл атқарып отырғаны атап өтілді.

Экваторлық Гвинея Өкілдер палатасының Спикері Саломон Нгуема Овоно мырзамен болған сұхбатта екі ел арасындағы қарым-қатынастардың, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы сөз болды.

Мальдив Халық Мәжілісінің Спикері Абдул Рахым Абдулла мырзамен кездесуде де парламентаралық байланыстарды нығайту және кеңейту, өзара ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен байыту мәселелері талқыланды.

Қонақтар Ташкент қаласында өтіп жатқан Парламентаралық одақтың 150-мерейтойлық Ассамблеясын тарихи маңызы зор оқиға ретінде бағалап, бұл іс-шараның тек Өзбекстан мен аймақ үшін ғана емес, жалпы әлемдік парламенттер қауымдастығы үшін де ерекше мәнге ие екенін атап өтті.