French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА Қазақстанның тағы бір ақпарат порталымен меморандум жасады
17:01 / 2023-04-14

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі Қазақстанның «Turkystan.kz» ақпарат порталымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Turkystan.kz» порталы қазақ тілінде ел және әлем жаңалықтарын жариялайтын, қазақ сайттарының арасындағы алдыңғы қатарлы ресурстардың біріне айналған болып, айына 1 миллионнан астам оқырманға ақпараттық-танымдық және рухани, мәдени бағыттағы контентті түрлі форматта ұсынып келеді.

Осылайша, меморандум «ӨзА» мен «Turkystan.kz» арасында медиаконтент алмасу, қызметкерлерді өзара тағылымдамадан өту, медиа өнім өндіруде техникалық құралдармен өзара көмек көрсету сияқты мүмкіндіктер туғызады. 

Сонымен қатар, тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен тату көршілік қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатын болады.

Бұл ынтымақтастық «Turkystan.kz» порталында жүйелі түрде жарияланатын – «Түгел Түркі» айдарында бауырлас түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, дүниетанымы, ұлтаралық қарым-қатынасы туралы жаңалықтардан хабардар болуға, ӨзА веб-ресурстарында жариялауға мүмкіндік береді.