2022 жылдың 23 наурызында Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі (ӨзА) мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ақпараттық агенттігі (WAM) арасында екіжақты хабарламалар мен жаңалықтар алмасуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Дубайда өткен салтанатты шараға ӨзА бас директоры Абдусаид Кучимов, WAM бас директоры Мухаммад Джалал Әл-Раиси және Агенттіктің Байланыс және халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Али Юсуф Әл-Саад қатысты.
Бұл шара Өзбекстан мен БАӘ арасындағы соңғы жылдары жандана түскен және екі ел басшыларының қызу қолдауына ие болған жан-жақты ынтымақтастық аясында өтуде.
Кездесу барысында WAM бас директоры Мухаммад Джалал Әл-Раиси өзбекстандық қонақтарды агенттіктің қызметімен таныстырды.
1976 жылы негізі қаланған WAM – қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени және басқа салалардағы маңызды оқиғалардың кең ауқымын қамтитын жаңалықтарды көрсетуге маманданған елдің жетекші ақпараттық агенттігі. Бүгінде ол дүние жүзіндегі 50-ден астам ақпараттық агенттіктермен ынтымақтастық жасайды.
- WAM 19 тілде қол ақпарат таратады. Алдағы уақытта өзбек тілінде ақпарат таратуды көздеп отырмыз. Бүгін Өзбекстанның Ұлттық ақпарат агенттігімен Меморандумға қол қойылғанан өте қуаныштымыз. Достығымыз бен бауырластығымыз жалғаса беретініне сенімдімін, – деді БАӘ ақпарат агенттігінің басшысы Мұхаммад Джалал Әл-Раиси.
Сонымен қатар, бұл Меморандум персоналды дамытудың, өзара тәжірибе алмасудың, бірлескен іс-шаралардың бірлескен бағдарламаларын жүзеге асыруға негіз болады.
Ең бастысы, бұл ынтымақтастық екі халық арасындағы достық байланысты одан әрі нығайтуға қызмет етеді.
Гүлрух Абдуллаева, ӨзА