Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА мен Trend арасында меморандумға қол қойылды
11:32 / 2022-04-02

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі делегациясының Әзірбайжанға жұмыс сапары барысында Баку қаласында Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі мен Әзірбайжанның Trend халықаралық ақпарат агенттігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтеру, атап айтқанда, ақпарат алмасу саласындағы күш-жігерді замана деңгейіне бейімдеу ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің өзара тәжірибесі мен біліктілігін арттырудың тиімді механизмін әзірлеу және жолға қоюды көздейтін осынау құжатқа ӨзА атынан бас директорының бірінші орынбасары Сабыр Шукуров пен Trend ХАА бас директорының орынбасары, халықаралық жобалар жетекшісі Руфиз Хафизоглу қол қойды.

Ғайрат Хонназаров, ӨзА

Баку қаласы (Әзірбайжан)