Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА мен Анадолу агенттіктері ынтымақтастық келісіміне қол қойды
07:46 / 2022-03-30

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі мен Анадолу ақпарат агенттіктері ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 желтоқсандағы «Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің қызметін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулысына сәйкес, біздің агенттік әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерімен ынтымақтастық орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Бүгінде осы бағытта келесі қадам жасалды. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі – ӨзА мен Түркияның Анадолу агенттігі – AA арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Осынау маңызды құжатқа ӨзА атынан бас директор Абдусаид Кучимов пен Анадолу ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы – бас директор Сердар Қарагөз қол қойды.

ӨзА Өзбекстандағы бірден-бір ресми ақпарат көзі және еліміздегі жетекші ақпарат агенттігі екені белгілі. Сол сияқты, Анадолу ақпарат агенттігі де Түркияның негізгі хабар таратушысы болып табылады.

Бүгінде ӨзА Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметі мен елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жан-жақты таратып келеді. Агенттіктің аймақтық тілшілер желісі еліміздің барлық өңірлеріндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы жылдам әрі нақты ақпарат беруде. ӨзА жаңалықтары, аналитикалық мақалалар мен басқа да жанрдағы материалдар өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, қазақ және қытай тілдерінде таратылады.

Штаб-пәтері Анкарада орналасқан Анадолу агенттігі бүгінде әлемдік жетекші ақпарат агенттіктерінің бірі болып табылады. 30-дан астам елде бөлімдері ашылған бар AA түрік, албан, ағылшын, араб, босния, күрд, македон, парсы, орыс және француз тілдерінде жұмыс істейді.

Бұл келісімге қол қою Өзбекстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестік, халықтарымыз арасындағы ежелден келе жатқан достық байланыстарды одан әрі нығайтуға, елдеріміз туралы объективті ақпаратты шет елдерде таратуға және еліміздің беделін арттыруға қызмет етеді.