Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА делегациясы Әзірбайжанның Медияны дамыту агенттігі директорымен кездесті
19:08 / 2022-04-02

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі делегациясының мүшелері Әзірбайжан Республикасы Медияны дамыту агенттігінің (MEDIA) директоры Ахмед Исмаиловпен кездесті.

Өзбекстанның Бакудегі Елшілігі мен ӨзА-ның серіктесі Trend халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған шарада екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ БАҚ саласындағы көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әңгімелесу барысында MEDIA басшысы қонақтарға алдымен Әзірбайжанда соңғы жылдары саланы дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Оның ішінде жуырда ғана қабылданған БАҚ туралы заңның мазмұны мен маңызына және елде құрылатын жалғыз БАҚ тізілімінің жобасы жайлы баяндады.

Өз кезегінде, ӨзА бас директорының бірінші орынбасары Сабыр Шукуров пен ӨРМинистрлер Кабинетінің Туризм, мәдениет және бұқаралық коммуникациялар хатшылығының меңгерушісі Шахобиддин Мусаев соңғы жылдары үкімет тарапынан барлық бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде БАҚ-тың дамуына көңіл бөлінгенін атап өтті.

Кездесу барысында БАҚ-та жұмыс істейтін кадрлар әлеуетін арттыру, қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз жетілдіру, екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының қолдауымен семинар, тренингтер өткізу, баспа БАҚ пен ақпараттық сайттарды қолдау сынды бірқатар бастамаларды ілгерілету маңыздылығы айтылды. 

Осы сапар аясында, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі мен Әзірбайжанның Trend халықаралық ақпарат агенттігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Ғайрат Хонназаров, ӨзА

Баку қаласы (Әзірбайжан)