Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА делегацисы AzerTAJ төрағасымен кездесті
17:22 / 2022-04-05

Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Сабыр Шукуров бастаған делегация мүшелері Бакуде AzerTAJ ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы Аслан Аслановпен кездесіп, байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесуде AzerTAJ басшысы ӨзА делегациясына агенттік туралы мәлімет беріп, елдеріміз бен халықтарымыз әрқашан бір-бірін қолдап келе жатқанын айтты және бұл қарым-қатынастар одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде С.Шукуров бұл кездесу екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға негіз болатынын, атап айтқанда: «Елдеріміз бен ведомстволарымыз арасындағы ынтымақтастықтың терең тарихы бар. Сондықтан біз AzerTAJ агенттігімен ақпарат алмасу үлесін айтарлықтай ұлғайтуға, техникалық, персоналды дамыту және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз» деді.

Тараптар бұқаралық ақпарат құралдарындағы халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсету, келісімдерге қол қою және бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қонақтар AzerTAJ-дың жаңа ғимаратын аралап, мамандарға жасалған заманауи жағдайлармен танысты.

Ғайрат ХОННАЗАРОВ