Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӨзА-дағы өзгерістер: сайт пен логотип жаңарып, фотобанк іске қосылды
22:54 / 2020-11-04

Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.Мирзияевтың 2019 жыл 2 желтоқсандағы «Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі» ПҚ-4541 санды қаулысына сәйкес, ӨзА қызметін одан әрі жетілдіру жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі күнге келіп агенттіктің веб-сайты жаңартылып, жаңа логотип бекітілді, фотобанк іске қосылып, мобильді қосымшасы әзірленуде.

Жаңартылған веб-сайт

ӨзА сайтының жаңартылған нұсқасын әзірлеу кезінде басты назар оқырманға ыңғайлылық жасауға аударылып, онда сайттың дизайны мәтіндерді оңай оқуға бейімделді. Фото, видео және аудио хабарламаларды таратуда жаңа мүмкіндіктер жасалды. Технологиялық тұрғыдан да сайттың жылдам жұмыс жасауы қамтылды.

ӨзА жаңа сайтының көрінісі

Қазіргі уақытта сайт тест режимінде жұмыс істеуде, сондықтан туындауы мүмкін болған техникалық қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңа логотип

Логотип - бұл кез-келген компанияның немес агенттіктің бет-бейнесі. ӨзА-да бірнеше жыл бұрын жасалған ескі нүсқадағы логотипін өзгертуді жөн санап, қазіргі заманғы медиа әлем үшін жаңа логотипті бекітті.

Жаңа логотипте минимализм стилін қолдана отырып, формальділік пен қарапайымдылықтың өзара үйлесімін паш еткен. Түстерді таңдауда ақпарат тарауының түрлі формалары негізінде (мәтін, видео, фото, аудио) және ақпарат көздері (сайт, мобильді қосымша, әлеуметтік желілер) ескерілді. 

 

Фотобанк

УзА мұрағатында ұзақ жылдар бойы сақталған фотосуреттердің үлкен қазынасы бар және де, бүгінгі таңда бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін ӨзА фотографтары күн сайын түрлі шаралар мен оқиғаларды объективтеріне іліп алуда. Бірақ осы уақытқа дейін фотосуреттерді бір орынға жинайтын, қолданушылар көруіне тіпті, жүктеуіне мүмкіндік беретін электронды жүйе болған жоқ.

Шетелдік тәжірибеге қарайтын болсақ, көптеген ақпараттық агенттіктердің өзіндік фотобанкі бар болып, онда авторлық құқықты сақтаумен, фотосуреттерді пайдалану және электронды түрде сатылымға шығару тәжірибесі ескерілген. Осы жағдайға орай, ӨзА-ның жаңа сайтында фотобанкті арнайы бөлімі ашылды.

Қазіргі уақытта жүйеге негізінен жақын күндері дайындалған фоторепортаждар жүктеуде. Болашақта барлық фотосуреттерді ӨзА мұрағатына орналастыру жоспарланған.

Сондай-ақ фотобанк арқылы фотосуреттердің онлайн-сатылымы жолға қойылмақ. PayMe, Click сынды жергілікті электронды төлем жүйелері және Visa, MasterCard сияқты халықаралық карталарды қолдана отырып, фотосуреттердің үлкен өлшемдегі түпнұсқасын жүктеу мүмкіндігі жасалады. Сатылымнан түскен қаражат фотосуретшілер үшін қосымша қаламақы берумен қатар, олардың фототехникалық жабдықтарын жаңартуға бөлу көзделген.

Әзірше жүйенің жаңа іске қосылуына байланысты барлық фотосуреттерді 1 ай көлемінде тегін жүктеп алуға болады.

Аймақ жаңалықтары

Жаңа ӨзА веб-сайты аймақ жаңалықтарын қамтуға ерекше назар аударған. Осы себепті елдегі барлық 14 әкімшілік-аумақтық бірліктер үшін жеке бөлім ашылды. Тұтынушы осы парақша арқылы өз аймағында болып жатқан соңғы жаңалықтардан хабардар бола алады.

Мобильді қосымша

Баршаға белгілі бүгінгі таңда оқырманның басым бөлігі интернетке мобильді құрылғылар арқылы кіреді. Сондықтан кез-келген заманауи сайттың веб-нұсқасынан бөлек мобильді түрі де, қосымшалары да болуы қажет. Қазірше ӨзА сайтының мобильді құрылғыларға арналған жоспарлы нұсқасы істеп тұр. Жақын арада Android және iOS операциялық жүйелеріне арналған арнайы мобильді қосымшалары іске қосу жоспарланған.

Мазмұнға назар

Осы орайда айтатын негізігі әнгіме, жоғарыда айтылған жағымды жаңалықтарды жеткізумен қатар, біз қазіргі күнгі тұтынушылар үшін форманың емес, мазмұнның маңыздылығын жақсы білетінімізді айтқымыз келеді. Қандай әдемі сайт немесе керемет логотип болса да, егер жарияланған мақалалар, хабарламалар мен материалдар оқырманға пайдалы әрі қызықты болмаса, бәрі бекер.

Сондықтан, ӨзА командасының барлық мүшесі сізге үздік деп бағаланған, сапалы, жылдам әрі объективті ақпарат беруге тырысады. Осынау жаңартылған ӨзА сайты оқырман үшін мазмұны жағынан да, форма тұрғысынан да, ұнайды деп үміттенеміз.

Құрметпен ӨзА