Қызмет көрсету саласын жақсартуға 1 триллионнан астам несиелік ресурстар бөлінеді
Жиында ішкі туризм саласын жандандыру арқылы 200 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі бар екені айтылды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 16 маусымда қызмет көрсету саласы және ішкі туризмді дамыту туралы бейнеконференциялы жиын өтті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы жиын басында елдегі коронавирусқа қатысты жағдайға тоқталып, онда халық арасында ауруды жұқтырған адамдардың саны көбейуіне қатысты пікір білдірді. Соңғы аптада Ташкент қаласында 551 азаматтың 482 тұрғындар арасында анықталғанын тілге тиек етіп:
-Осының барлығы коронавирусқа қатысты жағдайдың күрделене түскендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда өз қауіпсіздігің мен жауапкершілікті он есеге арттыратын пандемиямен күрестің жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айтуға болады. Қанша қиын болса да, біз осы карантин ережелерін қатаң сақтауымыз керек. Біз әрбір жұмысымызды өте мұқиятты қарастырып, тек өзімізге ғана емес, сонымен қатар отбасымыз бен бала-шағамызға деген терең жауапкершілік сезімін ескере отырып жасауымыз қажет. Әйтпеген күнде, біздің барлық жасаған әрекетіміз босқа кетеді. Көптеген білім мен тәжірибе жинақтаған біздің толерантты және батыл адамдарымыз бұл кезеңнен міндетті түрде өтеді деп сенемін, -деді Шавкат Мирзияев.
Қызмет көрсету саласы жұмыспен қамтудың ең үлкен резервінің бірі болып табылатыны және оның ел ішінде ЖІӨ-дегі үлесі 35 пайызды құрайды. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша қызмет көрсету саласының 1 пайызға өсуі кедейлік табын 1,5 пайызға төмендетеді. Сондықтан жиында осы саланы дамыту мақсатында қосымша несиелік ресурс бөлу жайында Президент сөз айтып, Қайта құру және даму қорынан 100 миллион доллар немесе 1 триллионнан астам несие ресурстарын бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл қаражат мемлекеттік және жеке банктер арқылы бөлінеді, несие мөлшері 15 пайыздан аспайтын болады.
Сонымен қатар Орталық банк өзін-өзі жұмыспен қамтитын жандар үшін отбасылық бизнес бағдарламасы бойынша 300 млрд сум кредит бөлу және Қаржы министрлігі кәсіп ашқан жұмыссыз адамға 3 ай мерзімінде нысанның жалдау ақысын төлеуге субсидиялау жүйесін енгізу туралы міндеттеме тапсырылды.
Жиын барысында ішкі туризмді дамыту мәселелері де талқыланып, осы салада 200 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту мүмкін. Сонымен қатар, туристік қызмет көрсететін тамақтану, бөлшек саудасымен айналысу сынды ұқсас салаларда тағы да көптеген жұмыс орындары ашылады. Ол үшін әр аймақтың мүмкіндіктері жетерлі. Сонымен қатар туристердің қызығушылығын арттырушы көп. Мысалы, Жаңақорған ауданында 16 курортты қайта жөндеу арқылы 1500 адамды, Бостандықта 10 000 адамға жылжымалы курорттар құру арқылы 8000 адамды жұмыспен қамтуға болады екен.
Осы жағдайды жасау мақсатында Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетке министрліктермен, ведомстволар және әкімдіктермен бірлесіп жаңа ішкі туризм маршруттарын ашу, жылжымалы курорттардың санын көбейту, медициналық-сауықтыру туризмін дамыту жұмысы тапсырылды.
