Туриндік «Ювентус» клубы маусым қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасына шығалмаса, клубта үлкен өзгерістер орын алады.
Клубтың спорт директоры Фабио Паратичи Андреа Пирло келесі маусымда команданы басқаруы мүмкіндігі жайлы пікірін айтып «егер клуб келесі маусым Чемпиондар лигасына жолдама алса, Пирло өз қызметін жалғастырады. Қазір біз осы жоба үстінде жұмыс істеудеміз», деген.
Tuttosport басылымының дерегінше, португалдық сұрмерген Криштиану Роналду клубты ауыстыруды ойластыруда. 36 жасты аладоп шебері Чемпиондар лигасын жеңіп алу үшін күресетін және оған жеткілікті ойын үрдісін көрсете алатын клуб қарастыруда.
Қазір оған басты үміткер «ПСЖ» клубы. Париждік клуб Роналдудың қаржылық талаптарын қанағаттандыруға дайын. Футболшыға «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытып отыр, бірақ клуб оның қаржылық талаптарын орындауға біраз қауқарсыз.
Ронидің қазір «Ювентусте» жылдық жалақысы 31 млн еуроны құрайды. Ал «Манчестер Юнайтед» жылына тек 20 млн еуро төлеуге дайын екенін айтқан.
Шабуылшы осы маусымда барлық жарыстарда 39 кездесуде алаңға шығып, 32 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.