Юрген Клопп «Ливерпуль» мен «Шрусбери Таун» кездесуінде алаңға бармайды
Клубтың негізгі құрамы бүгін ойынға түспейді
Англия кубогының 4 раундынан орын алған «Ливерпуль» мен «Шрусбери Таун» командалары арасындағы ойнаға «қызылдар» бапкері Клопп алаңға бармайтынын және бүгінгі (4 ақпанға белгіленген ойын) кездесуге клубтың негізгі құрамы емес жастар құрамасы түсетінін мәлімдеген.
Неміс жаттықтырушысы бұл жағдайды футболшыларға қысқы демалыс бергенімен негіздеп, бүгін команданы жастар құрамасының бапкері Нил Критчли бастап баратынын айтқан. Өзі ойынды клубтың LFC TV арнасы арқылы күзетіп, қажет жағдайда видео арқылы байланысатын болады.
Англия Кубогының 1/16 жартылай финал ойынының «Ливерпуль» мен «Шрусбери Таун» командалары арасындағы қарымта кездесу бүгін «Энфилд» алаңында өтеді. Алғашқы кездесуде есеп 2:2 аяқталған.