Юрген Клопп «Ливерпуль» клубынан кетеді
30 жылдық үзілістен кейін «Ливерпуль» клубын Англия чемпионына айналдырған Юрген Клопп клубтан кетуді жоспарлауда
30 жылдық үзілістен кейін «Ливерпуль» клубын Англия чемпионына айналдырған Юрген Клопп клубтан кетуді жоспарлауда.
Мәліметтеге қатарғанда, клуб басшылығыда қазірден-ақ неміс маманының орнына басқа бапкер іздей бастаған. Мерсисайдтықтар 53 жастағы тәлімгердің орнына екі үміткерді қарастырып жатыр. Олар «Ливерпульдің» жаңа бас бапкері лауазымына басты үміткер ретінде - «Тоттенхэмнің» экс-бапкері Маурисио Почеттиноны нысанға алған.
Клуб басшылығы Почеттинодан бөлек «Лидс» бас бапкері Марсело Бьелсаны да үміткерлер тізіміне енгізген. Өйткені аргентиналық бапкерге қазіргі кезде «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» және «Реал» клубтары да үлкен қызығушылық танытуда.
Юрген Клопп «Ливерпульді» 2015 жылдан бері басқарып келеді. Оның бапкерлік кезеңінде «Ливерпуль» ұлттық чемпионатты жеңіп қана қоймай, Еуропа Чемпиондар лигасының бас жүлдесін жеңіп алды.