French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Юрген Клопп Чемпиондар лигасының екі фаворитін атады
14:21 / 2020-07-05

Клопп: Мен мұнымен Чемпиондар лигасының қалған командалары әлсіз деуден аулақпын. Бірақ осы екі клубты олар арасында фаворит санаймын


«Ливерпуль» клубының бапкері Юрген Клопп Чемпиондар лигасының биылғы маусым фавориттері туралы айтты.

«Мен үшін биылғы турнирдің маусымында екі фаворит бар. Бұл «Манчестер Сити» мен «Бавария». Осы екі команда арасындағы кездесу сөзсіз керемет болатын еді. Олардың қай кезде жартылай финалда немесе финалда кездесетінін әзірше білмеймін. «Бавария» үзіліске дейін де, одан кейін де Германиядағы ең жақсы және ең әдемі, мықты ойын көрсетуде. Клуб Ханс Дитер Фликтің басқаруына өткеннен кейін кез келген қарсыласты жолдан тайдыруда.

Биылғы кездесулер өзгеше қызықты форматта өтуіменде ерекшеленудеі. Егер «Манчестер Сити» құрамына қарасаңыз, олардың қаншалықты мықты екенін көруге болады. Әрине, барлық командаға сәттілік керек. Мен мұны әрдайым айтып келемін. Сіз расында Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанғыңыз келсе, шешуші финалға ең күшті толық құраммен шығуыңыз қажет.

Мен мұнымен Чемпиондар лигасының қалған командалары әлсіз деуден аулақпын. Бірақ осы екі клубты олар арасында фаворит санаймын», -деген 53 жасты неміс бапкері.

Биылғы Чемпиондар лигасының ақтық кездесулері «Сегіздік финал» түрінде 12-23 тамыз аралығында Португалия астанасы Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» және «Жосе Аваладе» стадиондарында өтеді. Ойын нәтижесі бір ғана матчтың қорытындысы бойынша анықталатын болып, жеңімпаз келесі кезеңге өтпек.