Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЮНИСЕФ-тің гуманитарлық жүк керуені Термез арқылы Ауғанстанға жіберілді
15:15 / 2022-03-03

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Сұрхандария облысындағы Термез жүк тасымалдау орталығынан нашар әлеуметтік жағдайда тұрып жатқан ауған отбасыларына 16 жүк көлігіне санитарлық-техникалық бұйымдар мен тұрмыстық заттар тиелген гуманитарлық көмек жүгі жөнелтілді.

Гуманитарлық көмек жүгі солтүстік Балх провинциясындағы Хайратон шекара бекеті арқылы Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жеткізіледі.

Термез ауданындағы «Термез Каргоцентр» ЖШС жалпы жер көлемі 40,7 гектарды құрайтын ірі логистикалық орталық болып табылады. Орталықта әрқайсысының ауданы 6 мың шаршы метрді құрайтын төрт заманауи жабық қойма бар. Кедендік рәсімдеу, сертификаттау және делдалдық орталықтар, коммерциялық банктің филиалы бар. Заманауи қонақүй, мейрамхана, бассейн және басқа да қызмет көрсету орындары салынған.

Барлық мүмкіндіктерге ие логистикалық орталық көршілес елдерге, соның ішінде Ауғанстанға әртүрлі жүктерді сенімді, жылдам жеткізуге ыңғайлы аймақта орналасқан.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, Ауғанстанда 3 миллионнан астам ана мен бала қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүруде. Бұл біздің көрші елге жіберіп жатқан алғашқы гуманитарлық көмек. Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жіберген гигиеналық құралдар мен тұрмыстық заттар нашар әлеуметтік жағдайда тұратын отбасылардың ана мен балаларына арналған. Осынау санитарлық-техникалық бұйымдар мен тұрмыстық заттар толығымен Өзбекстанда жасалған, , – дейді БҰҰ Балалар қорының Өзбекстандағы үйлестірушісі Э.Каниев.

ЮНИСЕФ Ауғанстандағы қиын жағдайда өмір сүріп жатқан аналар мен балаларға жыл бойына гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Холмомин МАМАТРАЙЫМОВ, ӨзА