Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Юнис» дауылы салдарынан Ұлыбритания мен Нидерландыда алты адам қаза тапты
10:31 / 2022-02-19

Еуропада «Юнис» дауылы соғуы нәтижесінде Ұлыбритания мен Нидерландыда алты адам қаза тапты.

ВВС-дің хабарлауынша, Ұлыбританияда соңғы 30 жылдағы ең күшті дауыл соғуда. Ауа-райының қолайсыздығынан Мерсисайдта 50 жастағы ер адам, Хэмпширде 20 жастағы ер адам және Лондонда 30 жастағы әйел қайтыс болды.

Қоршаған ортаны қорғау министрі Джордж Юстайс: «200 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалды, тағы 250 мың үй апатты түрде өшірілгеннен кейін қайта қосылды», - деген.

NOS басылымының дерегінше, Нидерландыда да үш адам дауыл құрбаны болып, теміржол мен қоғамдық көлік, әуе рейстері тоқтатылған.

Амстердам аймағындағы үш жерде үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Қатты желдің салдарынан ағаш бір адамның үстіне құласа, екінші жағдайда ағаш көліктің үстіне құлап, жүргізуші қайтыс болған. Үшінші жағдайда ағаш велосипедшінің үстіне құлап түскен.

Сондай-ақ Солтүстік Брабант провинциясында егде жастағы әйелдің үстіне ағаш құлап ауыр жарақат алғаны айтылады.

Дауыл кезінде желдің екпіні 140 км/сағ-тан асқан. Гаагада күн батареялары мен стадион шатырының үлкен бөліктерін жел ұшырып, ғимараттағы адамдар эвакуацияланған.