ЮНЕСКО және ЕО Өзбекстанның ауылдық жерлердегі тұрғындар өмірін жақсартуға көмектеседі
ЮНЕСКО және Еуропалық Одақ Өзбекстанның ауылдық жерлердегі тұрғындар өмірін жақсартуға көмектеседі
ЮНЕСКО және Еуропалық Одақ Өзбекстанның ауылдық жерлердегі тұрғындар өмірін жақсартуға көмектеседі.
Туризм комитетінің мәліметі бойынша Өзбекстан үкіметінің ЮНЕСКО және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықта «Өзбекстанның ауылдық жерлерінде жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту» бағдарламасын іске қосу туралы онлайн-кездесу өтіп, онда осы бағдарламаның барысы 4 жылға жоспарлаған болып жобаны жалпы құны 9,6 миллион еуроны құрайтыны айтылған.
Бұдан бөлек колледждерде білім беру мен оқу методикасын жаңғырту, оларды басқару, ауылдық жерлерде цифрлы және онлайн-офлайн оқыту әдістерін үйрету, халықаралық және ұлттық инновацияларға негізделген ауылшаруашылық менеджменттің жаңа әдістерін енгізу жаңа бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Жаңа жоба Өзбекстандағы ауыл шаруашылығындағы біліктілікті арттыру жүйесінің сапасын, өзектілігін, нәтижелері мен тиімділігін арттыруға қызмет етеді. Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенінде жаңа бастамалар мен тәсілдерді дамытуға, сынақтан өткізуге және іске асыруға көмектеседі.