Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Беруниге арналған көрме ашылды
11:30 / 2023-09-05

4 қыркүйекте Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Әбу Райхан Беруни. Географиялық және интеллектуалдық саяхат» атты көрме ашылды.

Белгілі ғалым және ойшылдың туғанына 1050 жыл толуына арналған жобаның ұйымдастырушысы – Өзбекстан мәдениеті мен өнерін дамыту қоры.

Көрме 973-1052 жылдары қазіргі Өзбекстанда өмір сүрген ұлы астроном, ғалым, математик, тарихшы, географтың өмірі мен шығармашылығына арналған.

Көрменің ашылу салтанатында Өзбекстан ұлттық симфониялық оркестрі Дмитрий Янов-Яновскийдің «Zij – Music of Constellations» шығармасының премьерасын ұсынды. Бұл музыкалық шығарма Шығыстың төрт ұлы тұлғасы – Әл-Хоразми, Ибн Сина, Әбу Райхан Беруни және Мырза Ұлықбектің есімімен аталады.

Жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын көрмеде Беруни қолжазбаларының беттерін жоғары сапада көруге мүмкіндік беретін интерактивті мультимедиялық проекциямен бірге ғалымның өмірі туралы қысқаша бейнеролик көрсетіледі.

Көрмеге Франция Ұлттық кітапханасы қорындағы Әбу Райхан Беруни қолжазбаларының Өзбекстан Ғылым академиясының Шығыстану институтының мамандары жасаған көшірмелері қойылған.