ЮНЕСКО-ның 43-сессия төрағасы Өзбекстанға келді
Осы жылдың 27–28 қазан күндері Самарқанд қаласы әлем жастарын бір арнаға топтастырар XIV ЮНЕСКО Жастар форумына қонақжайлық етеді.
Климаттық әрекет және оның әлеуметтік әсері, әсіресе жастар үшін» тақырыбына арналған бұл ірі халықаралық жиын ЮНЕСКО мен Өзбекстан үкіметінің бірлескен ұйымдастыруымен өтеді.

Конференцияның басты мақсаты – жастардың климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі белсенді қатысуын қолдау, олардың бастамалары мен идеяларын жаһандық деңгейде ілгерілету және тұрақты болашақты бірлесе қалыптастыру.
Осыған байланысты бүгін ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессия төрағасы Хондкер Мұхаммед Талха Өзбекстанға келіп, оны Жастар істері агенттігінің директоры, сенатор Алишер Саъдуллаев қарсы алды.