ЮНЕСКО бас директоры Бұхара қаласында болды
ЮНЕСКО — БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының бас директоры Одри Азуле ханым Бұхара қаласында болды.
Сапар барысында мәртебелі қонақ көне Бұхараның бірқатар мәдени мұра нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда, «Исмаил Самани» кесенесі, «Боло-Хауз» мешіті, «Магоки Аттари» кешені, «Нодир Девонбеги» медресесі және қазіргі таңда өтіп жатқан халықаралық Бұхара биенналесі аясындағы нысандарда болды.
ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле ханым әрбір ескерткіш пен ұлттық сәулет негізінде бой көтерген кешендермен танысу барысында Өзбекстанды ұлы ғұламалар елі ретінде жоғары бағалап, өзбек халқының тарихы мен руханиятына деген зор құрметін ерекше атап өтті.
[gallery-26042]
суреттерді түсірген Т.Истатов, ӨзА