Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Юн Сок Ёль Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
18:22 / 2024-06-13

Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Ташкент қаласына келгенен соң Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен бірге «Жаңа Өзбекстан» саябағына барды.

Корея Республикасының басшысы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

Кешенмен қысқаша таныстыру барысында Оңтүстік Корея делегациясының өкілдеріне кешенде бейнеленген тұлғалар мен тарихи оқиғалар туралы толық ақпарат берілді.

Үш мың жылдан астам – Отанымыздың аумағындағы ұлттық мемлекеттілік тарихының тамыры тереңде. Ескерткішке назар аударған адам осынау аласапыран өткеннің көркем көрінісіне куә болады.

Жоғары мәртебелі меймандар мен шетелдік ресми делегациялардың Өзбекстанға сапары аясында мұндағы ескерткішке гүл шоқтарын қою дәстүрге айналған.

Делегация мүшелері кешенде бейнеленген ғұлама қайраткерлерге, ұлы қолбасшы мен жауынгерлер, жәдид ата-бабаларымыз бейнесіне ерекше назар аударды. Бейбітшілік, еркіндік, ізгіліктің символы Хумо құсының бейнесі кешеннің үздік болмысы екені айтылды.

[gallery-17829]

З.ЖОНИБЕКОВ, Н.ХАЙДАРОВ (сурет), ӨзА