Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Юлдуз Усмонованың ісі сотта қаралатын болды
15:33 / 2020-05-05

Әншінің интернет беттерінде ішкі істер қызметкерлеріне қарата балағатты, түрлі ұятты сөздерді айтқан видеотаспа тараған


Белгілі Өзбекстандық әнші Юлдуз Усмонова мәдениет саласының өкілі бола тұра өзінің мәдениетсіз қылығына орай сотта жауапқа тартылуы мүмкін.

Әнші Юлдуз Усмонованың интернет беттерінде ішкі істер қызметкерлеріне қарата балағатты, түрлі ұятты сөздерді айтқан видеотаспа тарап, қазіргі уақытта қоғамда қатты талқыға түскен. Халық әртісінің бұл көрсеткен ерсі қылығына Мәдениет министрлігі дұрыс емес деген баға беріп кешірім сұрауын айтқан. Кейіннен әнші өз кінәсін мойындап өз парақшасында кешірім сұраған видеосын салған. Дегенмен әлемуметтік желі қолданушылар арасында және мәдениет, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің наразылығын күшейткен оның дөрекі әрекеті шынында ешбір ақтауға келмейді деген сынды пікірлерге байланыст әншінің жасаған іс-әрекетіне орай Ташкент қалалық ІІББ сұрастыру жұмыстарын жүргізуде. ІІМ-нің хабарынша бүгін Юлдуз Усмонованың қоғамды дүрліктірген дөрекі әрекеті сотта қаралуы мүмкін.