French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайлық компания коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сатылымға шығармақ
11:44 / 2020-02-17

Атаулы вакцинаның медициналық зерттеулеріне 70 кісі қатысқан болып, онда зерттеушілер оң нәтижеге қол жеткізген


Қытайдың ең ірі фармацевтикалық компанияларының бірі «Zhejiang Hisun Pharmaceutical» әлем жұртына қауіп төндірген COVID-19 коронавирусына қарсы «Favipiravir» препаратын сатуды бастауға рұқсат алды.

Reuters ақпарат агенттінің хабарлауынша атаулы вакцинаның медициналық зерттеулеріне 70 кісі қатысқан болып, онда зерттеушілер оң нәтижеге қол жеткізген. Қазірде «Favipiravir» препараты сатылымға шыққан. Қытай үкіметінің мәліметінше ел аумағындағы вирус кесірінен өлім саны едәуір азайғандығын айтып, бұл індеттен сауығып жатқандар саны артуда дейді.

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының соңғы хабарына сәйкес жер бетінде жалпы коронавирусқа шалдыққан 68 мыңнан астам жан тіркелген. Соның ішінде 58 182-сі Хубэй провинциясына тиесілі болып, қаза болғандар 1696-ға жеткен. Осы аймақтан сырт жерде 74 адам мерт болып, олардың бесеуі Қытайдан сыртта: Гонконг, Тайван, Франция, Жапония және Филиппинде орын алған.