Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайлық дәрігер коронавирусқа шалдыққан өте ауыр науқастың емдеу әдісін тапқанын мәлімдеді
08:58 / 2020-03-19

Бұл емдеу әдісі мутацияға ұшыраған коронавирусты емдеуге негізделген


Уханьдағы зертхана басшысы әрі дәрігері Донгчен Ву, коронавирус диагнозы қойылған ең ауыр науқастарды емдеу әдісін тапқаны жайлы мәлімдеген.

Daily Mail басылымының хабарынша «діңгек» жасушаларын емдеудің маманы жаңа коронавирустың өте ауыр жағдайындағы тоғыз адамды емдегенін жариялап, олардың көпшілігі қарт адамдар екені айтылған.

Вирустың өте ауыр жағдайындағы науқаста тыныс алу қиындап өкпенің қабынуына соғады. Дәрігер Ву бұл науқастарды емдеуде вена қан тамырына өз ұлпасынан алынған діңгек жасушаларын енгізген. Осыдан кейін науқас бірнеше күннен кейін сауығып кеткен. Донгчен Вудың айтуынша бұл емдеу әдісі мыңдаған жанның өмірін сақтап қалуы мүмкін дейді.

Қытайдың Ухань қаласында пайда болған коронавирус індетінің мутацияға ұшырау негізінде оның екі «S-cov» және «L-cov» түрі анықталған еді. Оның «L-cov» түрі жұғу коэффиценті өте жоғары қасиетке ие болып, ол ең алдымен тыныс алу жүйесіне көп зиян келтірген және жер бетіндегі 70 пайыз жан вирустың осы түрін жұқтырғандар.

Соңғыы дерек бойынша Covid-19 коронавирусы жер жаханның 150-ден астам еліне тарап 218 743 адамға жұққан. 8810 кісі қайтыс болып, қазірге дейін 84 113 науқас сауыққан.