Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдың жасырын ракетасы белгісіз нысанды ғарышқа ұшырды
01:15 / 2020-09-11

Қытайдың қайта пайдаланылатын тәжірибелік «Чанчжэн-2F» атты зымыран тасығыш кемесі орбитаға белгісіз нысанды ұшырды


Қытай қайта пайдаланылатын тәжірибелік «Чанчжэн-2F» атты зымыран тасығыш кемесімен орбитаға белгісіз нысанды ұшырды, деп хабарлайды «SpaceNews».

Онда айтылуынша, АҚШ-тың аэроғарыштық бақылау желісі Қытай тарапынан ұшырылған белгісіз нысанды байқап оны «NORAD ID 46395» деп атаған.

Болжам бойынша, объект ұшырылғаннан кейін ғарыш кемесі Жерді екі рет толық айналып, содан кейін ол қайта жерге оралған. Қытайлақтар бұл операция туралы алдын-ала ешқандай ақпарат бермегені сарапшылардың қатты қызығушылығын арттыруға себеп болуа. Қазірде олар мұның қандай құпиясы бар екенін білу жолында қытайлық БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сүйенуде. Бірақта қытайдың ақпараттық арналары да бұл ұшуға байланысты мардымды мәлімет айтылмаған.