French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдың коронавирустық вакцинасының клиникалық сынақтары Өзбекстанда өтуі мүмкін
14:37 / 2020-09-05

Қытайдың COVID-19 індетіне қарсы жасалған вакцинасының үшінші клиникалық сынақтары Өзбекстанда да өтуі мүмкін


Қытайдың COVID-19 індетіне қарсы жасалған вакцинасының үшінші клиникалық сынақтары Өзбекстанда да өтуі мүмкін.

Бұл жөнінде ӨР Инновациялық даму министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қытай Ғылымдар академиясы, Халықаралық ғылыми ұйымдар Альянсы және «Anhui ZhifeiLongcom Biopharmaceutical» өкілдері арасында өткен бейнеконференциялы келіссөздер аясында сөз болды.

Өзбекстанда клиникалық сынақтар үшін ұсынылған вакцина рецепторлармен байланысатын домен коронавирустың барлық түрлерінде ұқсас болғандықтан, бұл вакцина «MERS», «SARS» және «COVID-19» вирустарына әмбебап әсер етеді. Вакцина Қытайдың мемлекеттік фармакопиясының талаптарына сәйкес жасалғандығы және қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Жаңа вакцина технологиясы 2020 жылдың 6 тамызында беделді «Cell» журналында бір топ қытайлық ғалымдар тарапынан жарияланды.

Қытай тарапы қазіргі күнде вакцинаның екінші кезеңін аяқтау үстінде. Бүгінге дейін вакцина жақсы нәтиже көрсеткен. Сондықтан клиникалық сынақтың үшінші кезеңін бірнеше елде қатар өткізу жоспарланып отырғанын айтқан Қытай өкілдері оны Өзбекстандағы еріктілер арасында да өткізу мүмкіндігі жайлы қызығушылық білдірген. Одан бөлек Қиыр Шығыс пен Араб елдерінде де өткізу жоспраланған. Егер вакцина санақтарда жақсы нәтиже көрсетсе, онда осы емдік өнімді Өзбекстан мен басқа Орталық Азия елдерінде қолдануға болатыны айтылған.

photo_2020-09-03_18-23-36.jpg