Қытайдың Covid-19 індетіне қарсы вакцинасы жыл соңында сатылымға шығады
Вакцинаның бағасы 150 доллар шамасында бағаланған. Қазірде бұл вакцина халықаралық үшінші клиникалық сынақтар алдында тұр
Қытайдың «Sinopharm» фармацевтикалық корпорациясы коронавирусқа қарсы жасаған вакцинаны 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап сатылымға шығарады.
Вакцинаның бағасы 150 доллар шамасында бағаланған. Қазірде бұл вакцина халықаралық үшінші клиникалық сынақтар алдында тұр. Сәтті өткен жағдайда ол тіркеуден өтіп, жыл соңына дейін нарыққа шығады, деп мәлімдеген корпорациясы басшысы Лю Цзинчжэнь.
Людың айтуынша, егер вакцинадан бір инъекциясы жасалса, қорғаныс деңгейі 97 пайызды құрайды, антиденелер біртіндеп пайда бола бастайды. Әдетте вакцинациядан кейін антиденелер коронавируспен күресуге болатын деңгейге жету үшін жарты ай уақыт керек. Егер екі инъекция берілсе, қорғаныс деңгейі 100 пайызға жетуі мүмкін.
«Бірінші және екінші екпе аралығы - 28 күнді құрайды. Кейбір ерекше жағдайларда бір уақытта екі инъекция беруге болады - сол және оң жақ көкірек астына», - деген Цзинчжэнь.
Компания басшысының сөзіне қарағанда Бейжіңдегі биофармацевтикалық ғылыми-зерттеу институты жылына 120 миллион доза вакцина шығара алады, ал Ухан биофармацевтикалық институты 100 миллион доза өндіруге қауқарлы дейді.