Қытайдың барлық аймағына тараған коронавирустан қаза тапқандар саны 170-тен асты
Уханьның жан-жануарлар сататын базарынан тараған вирус жануарлардың бір-бірімен өзара әрекеттескені арқылы вирустар гендерді қоздырып, мутация жасаған деген болжам бар
2019-nCoV деген тәжді атауға ие вирустың ең көп құрбандығы Хубэй провинциясында тіркелген болып, қаза тапқандар саны – 170 адам. Сәт сайын құрбандар саны артып келеді. Кеше ғана вирусты 6 мыңға жуық адам жұқтырған болса, бүгін олар саны 8 мыңға жақындады. Бұдан бөлек, дерт Хубэй провинциясын ғана емес, бүкіл Қытайды қамтып үлгерді.
Бүкіл әлемге қауіп төндірген коронавирус Уханьның жан-жануарлар сататын базарынан тараған. Daily Mail басылымы таратқан сол базардағы сатылған жануарлар суретіне назар салсаңыз онда, жыланнан тартып жарқанатқа дейін тіпті кесіреткеніде көруге болады.

Аурудың алдын алу басқармасының хабарлауынша бұл базардағы жануарлардың бір-бірімен өзара әрекеттесетіні, ал егер олар ауруға шалдыққан болса, вирустар гендерді қоздырып, мутация жасай алатындығы айтылған. Бейжің университеті ғалымдары вирусты осы базарда сатылған жарқанаттан тараған деп болжам жасаған. Өйткені жарқанаттан даярланған асты Қытайдың көптеген аймақтарында тұтынады екен.
Осы обаның салдарынан әлемдік әуе компаниялары Қытайға жасайтын өз бағыттарын тоқтатуда. Ал Қытайдан басқа әлем елдерінде Гонконгта 10, Макаода 7. Тайванда 8, Азияның қалған бөлігінде 71 , Еуропада - 8, Солтүстік Америкада - 8, Австралияда - 5 және әлемнің басқа бөліктерінде 5 коронавирусқа қатысты жағдай тіркелген.