Қытайдан Өзбекстанға гуманитарлық көмек келді
Атаулы гуманитарлық көмек Өзбекстанда жұмыс істейтін Қытай кәсіпкерлері қауымдастығы және бірқатар компаниялар мен ұйымдар тарапынан ұсынылған
10 сәуірде Өзбекстанның Бейжіңдегі елшілігі мен Шанхайдағы Бас консулдығы тарапынан қолдау көрсетілген кезектегі бір гуманитарлық көмек жүгімен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі сатып алған медициналық жабдықтар Өзбекстан қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Ташкентке жетіп келді.
Гуманитарлық көмек жүктемесінде медициналық төсек жабдықтар, өкпенің жасанды желдету құрылғысы, сандық рентгендік диагностикалық жүйелер, эхокардиография және тамырлы доплер сияқты кардиологиялық сенсорлы ультрадыбыстық жабдық сынды құрылғылар бар. Атаулы гуманитарлық көмек Өзбекстанда жұмыс істейтін Қытай кәсіпкерлері қауымдастығы және бірқатар компаниялар мен ұйымдар тарапынан ұсынылған.
Осынау гуманитарлық көмек жүгімен қоса ұшақ бортында өзбекстандық кәсіпкері Гүлбахор Тожимирзаева мен футболдан ұлттық құрама командасының капитаны Одил Ахмедовтың медициналық көмек түріндегі қайырымдылық заттары және қытайлық кәсіпкер Джек Маның қайырымдылық қоры жіберген 10 дана тыныс алу жолындағы оңды қысымды қамтамасыз ететін құрылғы да қоса әкелінген.