Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдан медициналық мамандардан құралған 15 кісілік топ Өзбекстанға COVID-19 індетін емдеу үшін келді
21:29 / 2020-04-17

Бұған дейін, Корей медицина қауымдастығының ғылыми-зерттеу комитетінің төрағасы және коронавирусқа қарсы күрес штабының жетекші кеңесшісі префессор Цой Чже Ук арнайы шақыртылған болатын


Мемлекет басшысының бастамасымен, бақылау және емдеуді ұйымдастыруда елдегі медициналық қызметкерлерге көмектесу үшін жетіп келді.

ДСМ-нің хабарлауынша, бұл сапар екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі жоғары екендігін көрсетіп, көмекке келген бір топ медицина мамандары Қытайдың вирус тараған ең қауіпті аймағы Хубэй провинциясына көршілес Наньчан қаласынан келген. 

photo_2020-04-17_20-54-18.jpg

Медициналық топ құрамында вирусолог, эпидемиолог, пульмонолог, терапевт, хирург және жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар бар. Олардың қатарында Қытайдағы коронавирустық ұлттық күрес аясында жедел медициналық көмек көрсету үшін Уханьдағы және Хубэй провинциясының басқа қалаларындағы COVID-19 індет орталығына тікелей жіберілген жетекші клиникалардың тәжірибелі дәрігерлеріде орын алған.

Сонымен бірге, қытайлық дәрігерлермен бірге Қытай Халық Республикасы үкіметінің атынан құрамында қажетті медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектерден тұратын гуманитарлық көмек те әкелінді.

photo_2020-04-17_20-54-02.jpg

Бұған дейін, Корей медицина қауымдастығының ғылыми-зерттеу комитетінің төрағасы және коронавирусқа қарсы күрес штабының жетекші кеңесшісі префессор Цой Чже Ук арнайы шақыртылған болатын. Сонымен қатар 13 сәуір күні Өзбекстан және Корея Республикасы Президенттерінің телефон арқылы байланысы кезінде Кореядан тағы бір білікті медицина маманының келуі жайлы айтылды.