Қытайда жабайы хайуандар ет базары қайта ашылды
Әлемдік пандемияға себеп болған ауру Қытайдың Ухань қаласындағы жабайы хайуандар ет базарынан шыққан еді
Қытайда карантин шектеулері тоқтаған кезден-ақ жабайы хайуандар ет базары қайта өз жұмысын бастаған.
Елдегі коронавирустық ахуал біршама оңалғанға байланысты үкімет адамдарды күнделікті өмірге қайтуды шақырған, нәтижеде жарқанат, шаян, жылан, жабайы иттер мен тағысын тағы жабайы хайуандар еті сатылатын базарлар қайта өз жұмысына кіріскен.
Daily Mail журналисінің зерттеуіне сүйенсек, Қытайда карантин біткеннен кейін азаматтар елдің оңтүстік-батысындағы Гуилин базарына қарай лап берген. Өйткені онда Қытайдың дәстүрлі қысқы тағамдарының құрамына кіретін иттер мен мысықтар еті өтімді болуда.
Өйткені адамдар коронавирустық инфекция жойылды, енді ол біздің емес басқалардың мәселесі деген пайымда осы ет базарынан азық алуға асығуда, деп жазады Daily Mail басылымының журналисі. Оның айтуынша базарда бұл процесті суретке алуға күзетшілер қарсылық көрсеткен.
Әлемдік пандемияға себеп болған атаулы ауру алғаш рет өткен жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласындағы жабайы хайуандар ет базарынан тарағаны мәлім болып, ресми Бейжің бұл ақпаратты бірнеше апта бойы жасырып келген еді. Тіпті осы туралы хабар таратқан 33 жасар дәрігерді жалған алауыздық еттің деп айып таққан болатын. Ал арадан біраз уақыт өтіп ол осы аурудан өмірден өтті.
Қазіргі уақытта Қытай елдегі инфекция тарауының көрсеткіші сейілген бір кезде, эпидемия басқа елден кіріп келгендігі жайлы ақпаратты алға сүруде. Өйткені ішкі БАҚ беттерінде Weibo әлеуметтік желісінде тараған хабарда коронавирус өткен жылдың қараша айында Италияда пайда болған дейді. Тағы бір дерекке сай Қытай билігі бұл ауруды әдейі АҚШ әскерлері таратқан деген көзқарастыда жоққа шығармауда.